Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДАҒЫ ЖҰМЫС ЖАНДАНУДА

ТҮРКІСТАН: ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДАҒЫ ЖҰМЫС ЖАНДАНУДА

Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ бар. Оларда күні бүгінге дейін жалпы құны 30 млрд теңгені құрайтын 31 жоба жүзеге асқан. Іске қосылғандардың арасында құрылыс материалдары мен жиһаз шығаратындары және тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындар көп. Былтыр сол кәсіпорындар тарапынан мемлекет қазынасына 734 млн. теңгеге салық төленіп, 4 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Айта кететін тағы бір мәселе, жүзеге асқан жобалардың 30 пайызы облыс орталығындағы индустриалды аймақта орналасқан.

Бұл туралы   «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі М.Жарылқасынның материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Түркістан индустриалды аймағы 2015 жылы құрылған. Бастапқыда 40 гектар деп жоспарланған аумақтың көлемін қазір 350 гектарға ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Егер сол мақсат жүзеге асса аймаққа 100-ден астам өндіріс ошағы шоғырланады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ендігі жерде индустриалды аймаққа келген кәсіпкерлерге тек жер емес барлық инженерлік жүйелері жеткізілген ғимараттар берілмек.

Бақтияр Ермеков – «Turkistan» индустриялды аймақтарды басқарушы компаниясы» ЖШС бас менеджері: Бізде дайын помешениелер бар Браунфилд деп аталатын.Браунфилд дегеніміз дайын помишениелер. Кәсіпорындар келеді да өздерінің құрал-жабдықтарын әкеп жұмыс істей береді. Ол жерде барлығы дайын. Инфроструктуралар өткен.

Бүгінде Түркістан индустриалды аймағында 9 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Солардың бірі жылына 2,5 млр теңгенің өнімін өндіретін жиһаз шығаратын «Гранд микс» фабрикасы. Аталған кәсіпорында қазір 152 адам тұрақты жұмыс істейді. Айтып өтейік бұл кәсіпорын индустриалды аймаққа 2016 жылы орналастырылған.

Алғашында жиһаз шығару цехында 40 жұмысшы болса, қазір олардың саны 3 есеге артқан. Өнімділік те жыл санап артып, шығарылатын дайын өнім түрі де көбеюде. Мәселен, қазір бұл жерден жұмсақ жиһаздан бөлек ас үй жиһазынан бастап, қонақ және балалар бөлмесімен офистік жиһаздардың сан түрі шығарылуда. Ал, дайын өнім еліміздің барлық аумағында саудаланады.

Сабыржан Исақов – «Grand Miks» фабрикасының директоры:  Біз қазір Россия Беларуссия жиһаздарына бәсекелес болып жатырмыз. Қазір Қазақстанда өзіміздің өнімге сұраныс жақсы. Біздің өнімдер халыққа жақын. Бағасы арзандау. 20 – 30 пайызға арзан.

Бүгінде бұл аймақта Гранд микстен бөлек 8 кәсіпорын істеп тұр. Олардың екеуі жиһаз шығарумен айналысса үшеуі құрылыс материалдарын өндіреді. Олар үшін барлық инженерлік жүйелер жеткізіліп, қажетті жер көлемі берілген.

Талғат Қыдырбаев – «Turkistan» индустриялды аймақтарды басқарушы компаниясы» ЖШС директоры: Осы Түркістан облысының экономикалық әлеуетін көтеру үшін инвесторларды тартып қызықтыру үшін осындай алаңдар жасалынып отыр. Оның барлығы облыс әкімінің тапсырмасы бар. Соның арқасында жүзеге асып отыр.

Қолда бар мәліметке сүйенсек бүгінге таңда өңірдегі 9 индустриалды аймақтың 7-і ғана жұмыс істеп тұр. Қалған екеуінде әлі бірде-бір жоба жүзеге асырылмаған. Өйткені дайын емес. Олардың бірі Ордабасы ауданында болса, екіншісі Бәйдібекте. Басқарушы компания өкілдерінің айтуынша биыл сол екі аймақта іске қосылады.

 

Пікір жазу