Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫМЕН ОТЫРАРЛЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

«ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫМЕН ОТЫРАРЛЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясының «Қамқорлық» акциясына отырарлықтар белсенді түрде атсалысып, үн қосуда. Бұған дейін бірнеше қамқорлық шараларын ұйымдастырып, аз қамтылған, көмекке мұқтаж екі отбасыға тұрғын үй алып берген ауыл азаматтары қамқорлық жасауды өзара жарысқа айналдырған секілді.


Бүгін осы игі шара аясында ауданымыздағы тағы да бір отбасы баспаналы болды. Шәуілдір ауылында 18 жылдан астам уақыт бойы пәтер жалдап келген Бейсенбиев Пернебайдың отбасы бүгін қоныс тойын тойлап, шаттыққа кенелді. Қуанышты хабарды бөлісуге арнайы барған «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов аталған отбасын жаңа қоныстарымен құттықтап, шаңырақта осындай бақытты сәттердің көп болуын тілеп, тұрмыстық техниканы тарту етті. Аудан басшысы партияның «Қамқорлық» акциясы алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін, тіпті жұмысқа жарамды отбасы мүшелерін жұмыспен қамту мәселелері де назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Ауданның ерікті жастары да қарап қалмады. Еріктілер жаңа тұрғын үйдің ауласына сенбілік жұмыстарын жүргізіп, күл-қоқыстарды шығаруға көмектесті.
Өз кезегінде аяулы ана Несіпкүл Байдәулетова қамқорлық көрсетіп, тұрғын үй алуға көмек берген Шәуілдір ауылының қолы ашық, жанашыр азаматтарына аналық алғысын айтты.

Пікір жазу