Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ПАРТИЯ ФРАКЦИЯСЫ ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ТҮРКІСТАН: ПАРТИЯ ФРАКЦИЯСЫ ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін облыс әкімдігінде Түркістан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының ​ депутаттық фракциясының мәжілісі өтті. Фракция отырысына облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Мұрат Төлтебаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды.


​ ​ Жиында Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Арман Абдуллаевтың, Түркістан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Самат Рамазановтың баяндамалары тыңдалды. Сонымен бірге Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт пен Түркістан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әзімхан Қойлыбаев та хабарлама жасады.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Мәжілісте депутаттар облыстың дамуына серпін беретін бірнеше мәселе бойынша ақылдасып, проблемаларды талқылады. Нәтижесінде күн тәртібіндегі тақырыптар қамтылып, бірнеше қаулы қабылдады. ​

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 1. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/472-VI «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
  2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы​ 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы»​ шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 сәуірдегі №37/383-VI​ «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы 38/415-VI Түркістан облысы әкімдігі жанындағы «Түркістан облысының бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесінің​ дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. Түркістан облысында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларға атау беру және қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы мәселелер мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылатын болды.

 

Пікір жазу