Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ЖАЛҒАСУДА

Түркістанда мемлекеттік органдарда құқытық оқыту жалғасуда, деп жазады Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасаған didarbek.kz.


17-19 ақпан күндері облыс орталығындағы 6 мемлекеттік органда құқықтық оқыту өз жалғасын тапты.
Түсіндіру жұмыстары АШМ аумақтық инспекциясы, Техникалық реттеу және метрология департаменті, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон депаратменті, Әділет департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті мен Экономикалық тергеу департаменті қызметшілері арасында жүргізілді.
Жиында Департаменттің мамандары С.Жұмабаев және Б.Айдағараев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер бойынша толық ақпарат берді.


Сонымен қатыр, басқосуда қатысушыларға мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға іріктеу кезеңдері, қызметшілерді әлеуметтік қолдау шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа жол берген тұлғалардың жауапкершілігі туралы сөз қозғалды.
Айта кетейік, қазіргі таңда 700-дей мемлекеттік қызметшіге құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша осындай жиындар өткізілді.
Мемлекеттік қызметшілерге арналған бұл семинар наурыз айына дейін жалғасады.

Пікір жазу