Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қазақстан Республикасасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов облыстағы басқарма, аумақтық орган басшылары мен аудан, қала әкімдері кездесу өткізді, деп жазады ҚР  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.


Кездесу барысында Болат Әлмұханұлы басшыларға сыбайлас жемқорлық қылмысқа жол берген жағдайда саяси қызметшілердің отставкаға өтініш беруі, бағынысты қызметшілердің қоғам дертіне айналған әрекетке жол берген жағдайда мемлекеттік орган басшыларының жауаптылығы кеңінен түсіндіріп өтті.


Сонымен қатар, Департаменттің басқарма басшылары жиын барысында аталған заңға енгізілген өзге де өзгерістерге сәйкес түсіндірме беріп, тиісті сұрақтарға нақты жауаптар қайтарды.
Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 10 желтоқсанынан бастап өзгерістер мен түзетулер енгізілген заң талаптарында сыбайлас жемқорлыққа жасаған қызметшіден бөлек оның тікелей басшыларының да жауаптылығы қамтылған болатын.

Пікір жазу