Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мамандары С.Жұмабаев және Б.Айдағараев облыс орталығындағы 3 мемлекеттік органда құқықтық оқыту өткізді, деп жазады департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, сондай-ақ Түркістан облысы бойынша білім бақылау департаменті мамандарына «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер туралы кеңінен ақпарат берілді.
Жиында мемлекеттік қызмет саласында енгізілген өзгерістер талқыланып, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындалу мен мемлекеттік қызметкерлердің конкурсқа қатысуы туралы сөз болды.
Жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес, конкурстық рәсімдерді жетілдіру, кадрлық мәселелерді шешуде мемлекеттік органдардың мобильділікті арттыру, кадр тапшылықтың тәуекелін төмендету нәтижелері күтілуде.
Семинар соңына қарай жиын қатысушыларының сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер жинақталды.