Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖОЛ МӘДЕНИЕТІН САҚТАУ – ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛАУ

ЖОЛ МӘДЕНИЕТІН САҚТАУ – ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛАУ

Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ұйымдастыруымен «Арнайы автокөлікке жол бер, өзгеге өмір сыйла!» акциясы өтті. Жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесе өткен арнайы рейд барысында автокөлік жүргізушілерінің жол мәдениеті басты назарда болды.

Бұл туралы «Түркістан» газетінің тілшісі Р.Әлібаевтың мақаласына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Дабыл сиренасы қосылған өрт сөндіру машинасы қалада көлік құралдары неғұрлым көп жиналатын басты көшелермен жүріп өтті, жол қағидасын сақтамаған жүргізушілерге жол-патрульдік полиция қызметкерлері тарапынан ескерту берілді.

“Аталмыш рейдтің мақсаты – кез келген төтенше жағдайларға бару кезінде өрт сөндіру машиналарын өткізу қажеттілігі туралы жүргізушілердің назарына жеткізу, көлік кептелісін болдырмау, көліктердің уақытын үнемдеу. Өйткені, арнайы автокөліктің өрт оқиғасы болған орынға өз уақытында жетуі адам өмірі мен денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан оқыс оқиғалардың алдын алу үшін көлік жүргізушілері мен тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырмыз”, – дейді №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Нұрболат Кенжебаев.

Кешкі уақытта ұйымдастырылған шара барысында мөлтек аудан аулаларына ретсіз қойылған автокөліктердің жүргізушілеріне ескерту беріліп, хаттама толтырылды.

Айта кетейік, арнайы рейд барысында көліктердің оқиға орнына бару кезінде жолды бөгеу үшін қойылған бетондар мен тал бұтақтарының кедергі келтіріп отырғанын байқадық. Тұрғындарға өрт сөндіру автокөлігіне жол беріп, өзге жанның қайғысына немқұрайлылық танытпайық дегіміз келеді.

 

 

 

Пікір жазу