Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТЫҢДАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТЫҢДАЛДЫ

Түркістан қаласы, Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде Елбасы Н.Ә.Назараевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 2019 жылдың есебі тыңдалды. Кездесуге Түркістан облысы «Түркістан Медиа Холдинг» «Рухани жаңғыру» бөлімі «Атамекен» кіші бағдарламасының әкімшісі Қыпшақбаева Гүлнұр Бейсенқызы, «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасының әкімшісі Серік Гүлжан Серікқызы, Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты бөлімдердің рухани жаңғыруға жауапты мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.


Есеп барысында «Тәрбие және білім» 80 ( 30 ірі көлемде мектеп, кітапхана, мұражай қабырғаларында), «Атамекен» 30 ( 15 ірі көлемде демеушілер тарапынан), «Рухани қазына» 70 (экскурсия, көрмелер, лекциялар, түрлі байқаулар), «Ақпарат толқыны» газет және телеарналарда 200-ден аса, әлеуметтік желілерде 150-ге жуық материалдар жарияланған. Төрт кіші бағдарламасы бойынша жалпылама 180 іс-шара ұйымдастырылды.
2019 жылы 12 сәуірде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялағанына және қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап бергеніне 2 жыл толды. Осы орайда 12.04.2019 жылы Түркістан орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханаларды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мақаланың жарияланғанына екі жыл толуына орай «Рухани жаңғыру – жарқын жолдар бастауы!» атты іс – шара болып өтті. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында екі жыл көлемінде өткізілген іс-шаралар слайд арқылы көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген.


«Алтын ұям» жобасы аясында Бекзат мөлтек ауданының №11 Ж.Жабаев, №31 Абай және №18 Ж.Еділбаев атындағы жалпы орта мектептерінің 1999 жылы бітірген түлектері жағдайы төмен отбасы Б.Таубаевқа 4 бөлмелі тұрғын үй салып сыйға берді. Әл-Фараби атындағы №10 жалпы орта мектептің 1969 ж және 1979ж түлектері Ұлы Отан соғысына қатысқан мектеп ұстаздары мен түлектеріне арналған ескерткіш орнатуға жәрдем берді. №22 жалпы орта мектебінің 2009ж түлектері, Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназиясының (35, 25, 20 жылдық) түлектері және Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің түлектері әлеуметтік жағдайы төмен және жартылай жетім отбасыларына қаржылай көмек берген.
«Демеушілер тарапынан әлеуметтік қолдау» кіші жобасы бойынша «Сауапты іс құт, береке бастауы» атты қайырымдылық іс-шарасында «Шапағат» қауымдастығының бастамашылығына (салынып жатқан мүгедектерге арналған оңалту, бейімдеу орталығы) елеулі үлес қосқан демеушілеріді 5 номинация бойынша «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталғандығы жөнінде сөз етті.
Кездесу соңында қатысушалар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды.

Пікір жазу