«Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» республикалық форумы Түркістан қаласында жалғасын тапты. 15 ақпан ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Білім-Инновация» ХҚҚ-ның ұйымдастыруымен еліміздегі білім беру ұйымдарының ата-аналарына арналған «Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» атты республикалық форум өтті.
Форумның ашылу салтанатына Түркістан облысының әр аймағынан 400-ге жуық ата-аналар мен ұстаздар, «Білім-Инновация» ХҚҚ президенті Д.Өте, Облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Айтмағанбет, Түркістан облысының «Әкелер мектебі» Ережесінің авторы А.Қабылбеков, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Сейітжаппарұлы қатысты.
Баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау үшін мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру, ата-аналарды білім саласындағы жаңа озық трендтермен таныстыру, балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын арттыру және құндылықтарға негізделген білім беру әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерімен таныстыру идеясын насихаттауды мақсат тұтқан форумның ерекшелігі ашық әңгіме, пікір алмасу түрінде өтуінде.
Салтанатты шара барында бірқатар белсенді ата-аналар алғыс хаттармен марапатталды.