Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АУЫЛДАҒЫ СОҢҒЫ СОҒЫС КУӘГЕРІ

АУЫЛДАҒЫ СОҢҒЫ СОҒЫС КУӘГЕРІ

Ордабасылық Мақал Полатбеков сұм соғысты көзбен көрген ардагерлердің бірі. 17 жасында қан майданға аттанған абыз ақсақал Беларуссиядан бастап Польшаға дейін жаяу барған. Талай елді жау қолынан азат етуге қатысып, туған жерге жеңіс туын желбіретіп қайтқан. Жүзге жуықтаған қария әлі тың. Бұның сыры тынымсыз еңбектің арқасында, дейді қарт жауынгер. Десек те кешегі сұрапыл жылдары отан үшін от кешкен жандардың қарасы күн өткен сайын сиреп барады. Тіпті облыста небәрі 43 майдангер ғана қалыпты, , деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Қ.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Мақал Полатбеков 1924-ші жылы 1-ші мамыр күні дүниеге келген. 17 жасында майданға аттанып,  1941-1945 жылдары аралығында әскер қатарында болып, елді жаудан қорғады.  Ардагер  Калуга, Тула, Белорусия майдандарына қатысқан. Белуардан қан кешіп, Польшаны азат етуге қатысқан. Соғыс жылдары әбжілдігі мен қырағылығының арқасында қатардағы жауынгерден рота командирінің орынбасарлығына дейін көтерілген.

Мақал Полатбеков – Соғыс ардагері: Белорусияда жүргенде батальон командирінің адьютанты болдым. Сол кезде мұсылман мемлекеттерінен келген сарбаздар тіл білмейді.  Өзбек Тәжік солдаттарына зам комзвод болдым. Соларды дайындап передовойда жүрдім. Соғысты аяқтап елге қайттық.

Мақал ақсақал  соғыстан кейінгі өмірін ауылшаруашылығына арнады.  Мақта, мал шаруашылығы саласында басшылық қызмет атқарған. 1951-ші жылы ұсақ колхоздар «Ленин» атындағы колхозға біріктіріледі. Махал ата сол кездері жаңа колхоздың төрағасы болып қызмет етті.Басшылық қызметте өзін таныта білген қария 1962-1994 жылдары №2 бөлімшені басқарды. Осы кездері бөлімше 2,5 мың гектар мақта алқабын өсіріп ақ алтын өндірісінде облыс, республика бойынша алдыңғы орынға шықты. Ардагер  13 перзент сүйген бақытты жан. Бүгінде 8 ұл 5 мен қыздан 56 немере, 105 шөбере сүйіп отыр.

Мақал Полатбеков Соғыс ардагері: Жастарға қолымыздан келген тәрбиені беріп жатырмыз. Өсіріп жатырмыз өндіріп жатырмыз. Оқуға барып жатыр. Барлығын үйлі жайлы қылдым. Енді жастармен тәрбие жүргізу біздің міндетіміз. Дінмұхамед Қонаеев біздің ауылымызға екі рет келіп біздің ауылдан дәм татқан.

Ардагердің ерен ерлігі мен еңбегі ескерілген. Көп жылғы еңбектің арқасында «Ленин», «Еңбек қызыл ту», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған. Ордабасы ауданының құрметті азаматы. Бір ғасырға жуық ғұмыр сүріп келе жатқан абыз ақсақал өзі көрген сұрапыл соғыс, одан кейін тың игерген бейнетті күндерге налыған емес. Көргеніне шүкір, бұл күніне тоба келтіруден жаңылған емес. Бар тілегі ел тыныштығы!

 

Пікір жазу