Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ҚАМҚОРЛЫҚ» АКЦИЯСЫН ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ҚОЛДАДЫ

«ҚАМҚОРЛЫҚ» АКЦИЯСЫН ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ҚОЛДАДЫ

Тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету әрбір адамның парызы. Түркістан қаласында бұрын сотты болған азаматтар осындай іске ұйытқы болды. Олар өздерінің тапқан қаржысына әлеуметтік аз қамтылған 4 отбасыға көмек көрсетті. Бір айға жететін азық-түлік беріп, алғыс арқалады, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Н.Кенжеханның материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Түркістан қаласындағы пробация бөлімінде  бұрын сотты болған  250 адам есепте тұр. Соның 6-ы  ерікті  түрде  қайырымдылық  шарасына үлес қосты. Мақсаты – өздерінің іс-әрекеттімен өзгелерге үлгі болу. Осы ниетпен күнделікті тұтынатын азық-түлік пен тұрмыста қолданатын заттарды сатып алды.

Нұрбол Мамырханов-Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы

Пробация тізімінде тұрғандар қоғамға қауіпсіз екендігін дәлелдеу мақсатымен осы акцияны ұйымдастырып отыр. Алдағы уақытта көктем мезгілі келгенде қарттардың жерін аударып беру секілді жұмыстарды атқарамыз деп белсенділік танытып отыр.

Сәуле Молжігітова-8 ұл-қызды дүниеге әкелген. 9-шысына аяғы ауыр. Бүгінде бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан. Бүгінгі берілген азық-түлік оның отбасына бір айға жетеді. Қазір бұл отбасы  жергілікті әкімдіктің уақытша берген екі бөлмелі аядай баспанасында тұрады.  Отағасы да жұмысқа енді орналасыпты.

Сәуле Молжігіт- алтын алқа иегері

Өзім Арыс қаласының қызымын тұрмысқа шыққаныма 28 жыл болды. 8 баланың анасымын. Жақында бір қызым қайтыс болды. Мына көмектесіп отырған кіілерге рахметімді айтамын. Алланың нұры жаусын.  – Күйеуіңіз не істейді?- жақында жұмысқа тұрды. Мына кісілер көмектесті. Рахмет айтамын.

Түркістан қалалық әкімдігі бұл отбасыға үш бөлмелі пәтер беріпті. Еді пробацияда есепте тұрған азаматтар көшіруге көмек береміз деп отыр. Жалпы алғанда осы шара аясында 4 отбасыға көмек берілді. Оның ішінде бұрын сотталған азаматтардың жанұялары да бар. Бұрын істі болғандар да қоғамның бір бөлшегі. Жаза жаңылысқан азаматтар түзу жолға түсіп, отбасында қайырымды әке. Олар  қамқорлық шарасын қолдан келген мүмкіндікке қарай жалғастыра береміз деп отыр. Қаржы болмаса қол күшімен де жәрдем беруге даярмыз ,-дейді.

 

Пікір жазу