Спортсүйер қауым көптен күткен «Alash Pride grand prix» бәйгесі Түркістан қаласында өтті. Аламан додаға қала әкімі Рашид Аюпов та арнайы қатысты.
Бәйгені тамашалаған Р. Абатұлы өз сөзінде 66 келі салмақта сайысқа түсіп, Алаш прайдтың үздік спортшысы екендігін сақтап қалған қазақстандық Қаршыға Даутбек пен қарсыласы қырғызстандық Тургунали Абдуллаевқа қала әкімдігі тарапынан қаржылай сыйақы берілетінін және спорт саласы басты назарда екендігін айтты.
⠀
Ережесіз жекпе-жектің күні бұрын салмақ өлшеу кезеңі өтіп, финалда 34 азамат, 17 жұп қатысты. Ал, сайыстың басты жекпе-жегі 61,2 келі салмақта гран-приге Мұқағали Несіпбай ие болды.
⠀
Айта кетейік, Орта Азия елдері арасынанда өткен сайыста Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия елдерінен де бақ сынасты. 17 аламаннан тұрған турнирге елімізден жалпы саны 13 былғары қолғап шебері қатысқан болатын.
⠀
Биыл 10 жылдық мерейтойы аясында өткен халықаралық ММА турнирі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіліп, барша қазақстандықтарға көруге мүмкіндік болды.