«АЛ,ҚАНЕКИ ЖАСТАР!» АТТЫ ӘСКЕРИ — СПОРТТЫҚ БАЙҚАУЫ.
Түлкібас ауданы «Ломоносов» МГ. ұйымдастыруымен «Ал, қанекей жастар!» атты әскери – спорттық байқауы өткізілді.
Іс-шара барысында: Ауған соғысының ардагерлері В.Коробейников және Архабаев Қуанғали ағаларымыз жастардың бойындағы патриоттық сезімдерін оятып, алдағы байқауға сәттілік тіледі.
Байқауға қатысушы командалар келесі турлар бойынша сайысқа түсті: 1.Саптық жүріс; 2.Әскери ән орындау; 3.Газтұмылдырғын кию; 4.Білтемірге тартылу; 5.Оқжатарды оқтау; 6.АК бөлшектеу;
7.Жаға тігуі; 8.Мылтықтан ату.
Іс-шараның мақсаты: патриотттық ойын жастар санасында Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, сонымен қатар жоғары патриоттық сезімін қалыптастыру, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен орындап, әрқашан оның мүддесін қорғауға даяр болуын тәрбиелеу мақсатында өткізіліп отыр.
Айта кетсек, «Ломоносов» МГ – да аталған іс – шара дәстүрлі түрде жылда жоғары деңгейде өткізілуде. Бұл дегеніңіз – отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас сарбаздарды отан қорғауға дайындау, шыңдау. Міне бұл мектеп қабырғасынан бастап жүргізіледі.