Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС: «Қамқорлық» жобасына қатысып жатқан 93 отбасыға жан-жақты қолдаулар көрсетілуде

ТҮЛКІБАС: «Қамқорлық» жобасына қатысып жатқан 93 отбасыға жан-жақты қолдаулар көрсетілуде

«Көш жүре түзеледі»- деген дана халқымыз, қандай да мәселені шешу үшін уақыт қажет екендігін меңзеген. Бүгінде өңірімізде халық игілігі үшін көптеген жобалар іске асуда. Соның бірі, «Қамқорлық» жобасы.

Жоба аясында, Түркістан облысының басқа аудандарымен қатар, Түлкібас ауданында да белгілі бір себептермен қиын сәттерді басынан өткеріп жүрген отбасыларға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы кедейшілік шегінен шығару шаралары жүйелі түрде іске асуда. Бұл шаралар тек аудан әкімдігінің тарапынан ғана іске асып жатқан жоқ. Сондай-ақ, жомарт жандардын атсалысуымен де жүзеге асуда. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»-демекші, уақытша қиындыққа душар болып жүрген бауырларымыздың аяғына нық тұрғанша қол ұшын созып жатқан азаматтардың қатары күнен-күнге көбейуде. Мәселен, Түлкібас ауданында анықталған жағдайлары өте төмен 93 отбасыға бүгінгі күнге дейін «Феррум Констракшн» ЖШС-нің, «Грамад» гипермаркетінің және «Мадина» макарон фабрикасының демеушілігімен азық-түлік таратылып келсе, қазіргі таңда аудандық мәслихат депутаттары, аудан кәсіпкерлері, округ әкімдері мен мекеме басшылары тарапынан да қолдау табуда.

Алдағы уақытта 93 отбасының ішінен тұрғын үйге өте мұқтаж отбасыны анықтап, сол отбасыға аудандық «Абай» атындағы мектеп-лицейінің 2000 жылғы түлектері үй кілтін табыстауды көздеп отыр. Бұдан бөлек, аудандық «Мейірім» еріктілер тобы да «Харекет» қорымен бірігіп, «1000 теңгеге- баспана» жобасы арқылы үйге мұқтаж жандарға үй сыйлауды жоспарлауда.

Қайырымдылық шаралардан бөлек, аудан әкімдігі тарапынан әр отбасылардағы азаматтарды жұмыспен қамту және өз кәсібін ашуға қолдау бағытындағы жұмыстар жандануда.

Осылайша, Түлкібас ауданында бір жұдырыққа жұмылған ел болып атқарылатын шаралардың арқасында мұқтаж бауырларымыз аяқтарына нық тұруына жағдайлар жасалынуда.

 

 

Пікір жазу