Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары А.Жұмағұловтың бастамасымен 2017 жылдың 7 қыркүйегіндегі өткен үкіметтік ақпараттандыру бойынша №01-8/05-1757 хаттамасының 3 тармағына сәйкес орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарына 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қағазсыз құжат айналымына өту үшін ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдау тапсырылған.
Түркістан облыстық Әділет департаменті барлық қала, ауыл округтері, кент әкімдері аппаратының нормативтік-құқықтық актілерін электронды құжат айналымы арқылы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуіне өтуі бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Осыған орай, аудан әкімшілігінің мәжіліс залында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Шымкент қаласы бойынша ақпараттық технологиялар орталығы Түркістан облысы әкімі аппараттарына қарасты ауыл округі әкімдіктеріне нормативтік-құқықтық актілерінің электрондық түрде тіркелуін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың интранет порталында (МОИП) оқыту, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Оған дербес бөлім қызметкерлері мен ауыл округі әкімі аппаратының мамандары қатысты. Жиында аудан әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бас инспекторы Үкібасов Мұрат хабарлама жасады. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Шымкент қаласы бойынша ақпараттық технологиялар орталығының мамандары ИСАХ Нұрдәулет пен ЕРМАХАН Абай қатысушыларға аталған тақырыпта қызметтерді алу жолдарын көрсетіп, оқыту өткізді. Жиында туындаған сұрақтарға жауап берілді.