Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ ТӨРАЙЫМЫ ЛЯЗЗАТ ИБРАГИМОВА фейсбук парақшасында ЖУРНАЛИСТЕРДІ тиімді пайызбен ҮЙ АЛУҒА ШАҚЫРДЫ!!!

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ ТӨРАЙЫМЫ ЛЯЗЗАТ ИБРАГИМОВА фейсбук парақшасында ЖУРНАЛИСТЕРДІ тиімді пайызбен ҮЙ АЛУҒА ШАҚЫРДЫ!!!

 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттерге арналған 7 қадамын тегін жариялап, бізге қолдау білдірген БАҚ өкілдеріне алғыс-пост:

Жас журналистер, ақпараттық агенттік қызметкерлері, телерадиокомпания операторлары, онлайн-БАҚ тілшілері, сіздерге келесідей мүмкіндік бар:

1. Алматыда үйіңіз жоқ болса, бірақ осы қалада жұмыс істеп жүрсеңіз, жаңа салынған немесе қолданыста болған үйлер нарығынан кез келген пәтерді сатып ала аласыз. Негізгі шарттары:
— үй бағасы 13 млн теңгеге дейін
— жылдық үстемақы мөлшерлемесі – 5%
— бастапқы жарна пәтер бағасының 10%-на тең, яғни 1 млн 300 мың теңге жеткілікті.

2. www.almaty-zhastary.kz сайтына тіркеліп, онлайн түрді өтініш беру қажет. Өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды. Әлі екі аптаға жуық уақыт бар, 15 сәуірге дейін тапсыруға болады.

3. Бұл – АЛМАТЫ қаласы әкімдігі мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бірлесіп жүзеге асырып отырған үшінші бағдарлама. Алайда мәдениет қызметкерлері, БАҚ өкілдері, спорт мамандарына арналған жеке квота ретінде ТҰҢҒЫШ РЕТ ұсыныс жасап отырмыз.
Дәрігерлер, оқытушылар мен мұғалімдерден келіп түскен өтініштер көп.
Біраз БАҚ қызметкерінің елдің мұңын жеткізіп, жоғын жоқтап, аянбай жұмыс істейтініне қарамастан, әлі күнге баспанасыз жүргенін білемін. Сондықтан бас редакторлар мен танымал журналистерді белгілеп отырмын, олар өз кезегінде пікір түрінде таныстарын белгілеп, ақпаратты жеткізер.

Бұл олқылықтың орнын толтыру керек, уақыт бар.
Жазбаның астында 35 жасқа толмаған алматылық журналистерді, операторларды, редакторларды белгілей кетіңіздер.

Жас алматылықтарға жол ашу керек.

#АлматыЖастары
#АлматыӘкімдігі
#ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі
#Жилстрой

Пікір жазу