Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТӘРТІП ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ТӘРТІП ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Қала аумағындағы «Халық банк», «Каспий банк» және «Қазпочта» филиалдарындағы жағдай қалыпты. Қазір бөлімшелерден келушілерге арналған күту орындары дайындалған.

Мәселен, Темірлан тас жолы бойындағы «Халық Банк» бөлімшесі алдынан күтушілерге 50 орындық қойылды. Онда сақтық шаралары сақталып, күтушілер арасында арақашықтық сақталған.

Ал, А.Асқаров көшесіндегі банк бөлімшесінде адам көп болуына байланысты, клиенттер көлікпен Д.Қонаев көшесіндегі филиалға жеткізілді.

Төтенше жағдайға байланысты пандемияның алдын алу жұмыстары арнайы бекітілген кесте бойынша атқарылуда.

© Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Пікір жазу