Иә, теледидар арқылы, әлеуметтік желілер арқылы, тікелей эфирлерде талай айтылса да, төтенше жағдайдың не үшін қажет екенін, сақтануды ойыншық көретін азаматтарымыз әлі баршылық екен. Бүгін Шымкент қаласы бойынша Арнайы мониторинг тобының күшімен қала көшелерін аралап, адамдар шоғырланған жерлерге барып, карантин мен сақтық шаралары туралы айтып бердік. Түсінгендер тарасып жатты, түсінбегендер (осы жазбамның ең бірінші бөлігінде менің алдымда тұрған жас бала сияқты) ерегісуге дейін әрекеттенді.
Жалпы алатын болсақ, бұрынғыдай ерсілі-қарсылы өріп жүрген қалың қара жоқ. Оған да қуандық…
© Әсет Әссанди,
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша
департаменті жанындағы
Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі.