Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАЯНДАДЫ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАЯНДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Президент Түркістан облысындағы коронавирус індетімен күрес жұмыстарының барысымен танысып, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды күшейтіп, карантиндік шараларды барынша қадағалау жөнінде тапсырма берді.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ, халыққа әлеуметтік көмек көрсету, шағын және орта бизнес нысандарының жұмысын ілгерілету, көктемгі егін науқанын қарқынын бәсеңдетпеу, «Жұмыспен қамту» жол картасын іске асыру мәселелері де әңгімеге арқау болды.

Өз кезегінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірімізде індетпен күрес жұмыстарының барысын баяндап, сақтық шараларының күшейтілгенін жеткізді. Сондай-ақ, облыс орталығы — Түркістан қаласында індет анықталғанына байланысты карантин режимі енгізілгенін, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың бақылауда екенін баяндады. Бұдан бөлек, өңір басшысы халыққа әлеуметтік көмек беріліп, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіліп, көктемгі егіс жұмыстарының тоқтаусыз жалғасып жатқандығына да тоқталды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу