Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ 117-ГЕ ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАН: МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ 117-ГЕ ЖЕТТІ

Түркістан облысы Түлкібас ауданында мал бордақылау саны 117-ге жетті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Түлкібас ауданы талайды тамсандырған тәтті алмасымен ғана аты шыққан өңір емес. Бүгінде табиғаты керемет аймақта соңғы жылдары мал шаруашылығы саласы да қарқынды дамып, оның ішінде бордақылау ісінде алға ілгерілеушілік байқалады. Өйткені мұнда мал бордақылау кәсібінің қыр — сырын меңгеріп, мықтап ден қойған шаруалар қатары жыл санап көбеюде.

Түлкібас аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сенсек, биылғы жылы 74 кәсіпкер 10-15 бастық мал бордақылау алаңдарын салуды жоспарласа, соның 64-і жоспарларын жүзеге асырып, өз жұмысын бастап кеткен.
Бүгінгі таңда аудан аумағындағы жалпы 117 мал бордақылау алаңдарында 1550 бас жылқы, 3400 бас ірі қара, 700 бас уақ мал бордақылануда. Өндірілген еттің негізгі бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларына жөнелтілуде.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу