Бүгінгі таңда Ордабасы ауданында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында сақтық шаралары қатаң қолға алынып, ауданда дезинфекция жұмыстары күшейтілді, деп жазады Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты індеттің тез таралуына сәйкес алдын алу шараларын күшейте отырып, режимді 30 сәуірге дейін ұзартылғаны белгілі. Түркістан облысында коронавирустық инфекциямен (COVID-19) ауырғандар санының артуына және летальды жағдайдың тіркелуіне байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, халық арасында коронавирустық инфекцияның кеңінен таралуына жол бермеу, алдын алу мақсатында ауданымызда залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді.
Дезинфекция жұмыстары қоғамдық орындар мен мекемелерде жүргізіліп отыр. Сонымен қатар, арнайы техникамен аудан көшелерін санитарлық тазалықтан өтті.
Залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген мамандар жүргізуде, жұмылдырылған азаматтар арнай техникамен, қорғаушы киімдері мен арнайы шашушы құралдарымен қамтамасыз етілген.
Тиісті залалсыздандыру жұмыстары күнделікті жүргізіліп отыратын болады.