Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕУ КЕРЕК

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕУ КЕРЕК

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Түркістан облысы Жетісай ауданының аумағын кеңейту бойынша 80 гектар аумақта орналасқан 1200 орынды мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мектеп құрылысының жұмыстарымен танысу барысында аудан әкімі тиісті мердігерге құрылысыты сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды. Қандай жағдай болмасын құрылыс жұмыстарын бәсеңдетпеу керектігін қадап айтты.

Бұл ретте мердігерлер бар күштерін салып, құрылысты уақытында сапалы аяқтауға бар күштерін салып жұмыстарын жандандыруда.
Аталмыш білім ошағының өзіндік жеке газ жүйесін реттеуші орталығы, ауыз су мұнарасы, жылу қазандығы болады.


Жаңа шағынауданда 1200 орындық мектептен басқа, 20 көп қабатты тұрғын үй, балабақша, спорт кешені сынды әлеуметтік нысандар бой көтеретін болады.

Құрылысы қарқынды жүріп жатқан бұл әлеуметтік нысандар, өз уақытында аяқталып, алдағы уақытта аудан тұрғындарына үлкен қуаныш болмақ.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу