Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Теректі ауылында орналасқан.
Аумағы 3 гектардай қалың қарағашпен, терек, тұт ағаштары басқан. Бүгінгі күнге дейін ауыл адамдары қорым ретінде пайдаланып келеді. Қазіргі күнде мазар қазғанда, құмыра, қыш кесе, темір қорытпалар шығады.
Кезінде бұл жерде қала болған деген дерек бар. 1220 жылы Отырарды алған монғол әскерінің бір түмені бүкіл орманды өртеп қаланы басып алады, бала-шаға қарттармен әйелдерді қырғынға ұшыратқан. Кең беткейде бес-алты шақырым жер астымен әкелінген бұлақ әлі күнге дейін талай құпия сырларды ішіне жасырып жатқан секілді. Бүгінгі күнге дейін ауыл адамдары қорым ретінде пайдаланып келеді. Қазіргі күнде де мазар қазғанда құмыра, қыш кесе сонан соң темір қортпалар шығады. Соған қарағанда кезінде бұл жерде қала болған деген дерек бар.Жерлесіміз тарих ғылымдарының докторы профессор Сәбит Жолдасовтың «Шежірелі Шаян өңірінің тарихы» атты кітабынан келтірілген дерек бойынша Отырарға бағыт алған моңғолдар «Қос тұра» арқылы өткен. Сол кезде Үлкен тұраның етегінде қаланы басып алу үшін үш-төрт мың әскер қалдырса керек. Жергілікті халық оңайшылықпен беріле қоймаған ұзақ шайқасады. Шарасы таусылған басқыншылар ежелгі әдет бойынша қалаға келетін суды басқа арнаға бұрып жібереді.
© Түркістан Туризм Орталығы