Түркістан облысында полицейлер төтенше жағдай кезінде 700-ге жуық құқықбұзушылықты анықтап, 93 тұрғынды қамауға алды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгені баршаға аян. Осы тұста Түркістан облысы полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Осы кезеңдерде полицейлер, тәртіпке бағынбай, заңға қайшы өрескел әрекет жасаушыларды анықтап, шара көрілді. Атап айтсақ, облыс бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша 693 жайт анықталды. Оның ішінде 206 тұрғынға соттың шешімімен әкімшілік айыппұл (5 461 060тг) салынды. 226 азаматқа ескерту беріліп, 93 азамат әкімшілік қамауға алынды. Сотта 168 іс қаралу үстінде.
Бұл құқықбұзушылық жасаған азаматтардың бірі 19-сәуірден бастап облыс бойынша карантин енгізілгеніне қарамастан, Түркістан қаласында көше бойында орналасқан асханалардың бірінде азаматтарды қабылдап, тамақтануға рұқсат бергені үшін жауапқа тартылды.
Ордабасы АПБ-нің жеке құрам қызметкерлері де төтенше жағдайға байланысты күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Күнделікті тексеру жұмыстары барысында Ордабасы ауданында Шұбарсу елді мекенінде орналасқан автокөлік жуу орны шектеулерге қарамастан жұмыс істеп тұрғаны анықтаған. Аталған жайт бойынша автокөлік жуу орнының егесіне қатысты ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы яғни «Төтенше жағдай режимiн бұзу» бойынша хаттама толтырылып, сот қарауына жолданды.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға белгіленген шектеулерге мойынсынып, тәртіпке бағыныңыздар деп кеңес береді. Артық үйден шықпаңыздар. Көп адам шоғырланатын орындарда жүрмеңіздер. Жеке кәсіпкерлер, өз қалталарыңызды ойлап, төтенше жағдай режимін бұзуға жол бермеңіздер.
© DIDARBEK.kz