Түркістан облысы полицейлері Рамазан айында қайырымдылық жасап, бірнеше отбасын қуантты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». Адамгершілік, жанашырлық, жомарттық сынды игі қасиеттердің барлығы бойынан табылатын Түркістан облысының полицейлері қиын да қауіпті күнделікті жұмыстарынан бөлек, әрдайым көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау көрсетіп, демеушілік жасап тұрады.
Қазіргі таңда әлемді дүрліктірген індетке байланысты Түркістан облысында карантин жарияланып, жұмыстар тоқтап, біраз отбасыларына оңайға соғып тұрған жоқ. Күнделікті тұмысқа қажетті азық-түліктерге мұқтаждар да бар арамызда. Осы тұста, Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының қолдауымен, «Біз біргеміз» акциясы аясында аудан-қала полиция бөлімдерінің қызметкерлері бірнеше отбасыларына керекті азық-түліктер таратып, жәрдем етті.
Атап айтсақ, Сарыағаш аудандық полицейлер тарапынан тағы бір ізгі амал жасалды. Тәртіп сақшылары қиын жағдайға тап болған көпбалалы екі отбасына жәрдем көрсетті.
Өз кезегінде жәрдемге ие болған аналар полицейлерге ризашылықтарын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.
Ал, Төлеби АПБ-нің қызметкерлері аз қамтылған отбасына қолдау көрсетіп, көпбалалы ананы қуантып қайтты. Полицейлер мұқтаж отбасына б ірінші кезекте қолданатын азық-түліктерді тарту етті.
Полицейлер болса: «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз. Алайда қайырымдылық жасап, жанашыр болу біздің — парызымыз деп есептейміз. Қажет болса, азық-түліктей, киімдей, қаржылай көмектесеміз. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек” – деп атап өтті өз сөздерінде.
© DIDARBEK.kz