Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚОЙ ҰРЛАП САТҚАН БАҚТАШЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚОЙ ҰРЛАП САТҚАН БАҚТАШЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері қой ұрлап, сатқан бақташыны анықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz».

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында мал жайылымға 500-ден астам қойын тексеруге барғанында, 1 бас қой мен қозысы жоқ болып шыққанын жеткізді. Оқиға орнына жеткен полицейлер қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Куәгерлерден жауап алу барысында, бұл қылмысқа жәбірленушінің малын сеніп тапсырған бақташысының қатысы бары анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындады.
Тергеу барысында бақташы қой мен қозыны Сарығаш ауданындағы танысына 35 000 теңгеге сатып жібергені белгілі болды. Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде ұрланған малдарды тәркілеп алды. Қазіргі таңда бақташы мен сатып алушы Қазығұрт АПБ-не жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «міндеттеме». Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді.
Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға өздеріңіздің мал-мүліктеріңізді жақын таныс емес азаматқа сеніп тапсырмауды ескертеді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу