Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Түркістан облысы Кентау қаласында сауда үйінің кассирі коронавирус жұқтырды деп жалған ақпарат таратқан егде жастағы әйел кешірім сұрады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

23.04.2020 жылы Кентау қалалық полиция бөліміне белгісіз азаматшаның азық-түлік сататын сауда үйінің кассирінен індет табылғандығын айтып таратқан аудиожазбасы бойынша хабарлама келіп түскен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша СДТТБТ-ға тіркелді.
Аталған хабарламаға сәйкес, қалалық полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылды. Осылайша жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Кентаулық полицейлер жалған ақпарат таратқан күдіктіні анықтап, ұстады. Оның осы қала тұрғыны, егде жастағы әйел екендігі анықталды. Әйел кісі өзінің қылмысын толық мойындады және істеген ісіне өкінетінін айтты.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Төтенше жағдай енгізілгеннен бері Түркістан облысының полицейлері коронавирус туралы көрінеу жалған ақпаратты таратудың 10 дерегін анықталды.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жалпы көрінеу жалған ақпаратты таратқаны үшін, оның ішінде төтенше жағдай кезінде елді шулатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы ескертеді және азаматтардан ойланбастан осындай іс-әрекеттер жасамауды сұрайды. Сондықтан ақпараттың анығына көз жеткізбестен, оны таратпауға және елді дүрліктірмеуге, карантин кезінде сақтық шараларын ұстанып үйде болуға кеңес береді. Өйткені мұндай жайттарды анықтау — қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және қылмыстарды ашуға бағытталуы мүмкін полицияның айтарлықтай құралдары мен күштерін алаңдатады.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу