Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 2000-ҒА ЖУЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҮСТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

2000-ҒА ЖУЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҮСТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, коронавируспен күресіп жатқан облысымыздағы 1994 дәрігер үстемақы алды. Қазіргі таңда мамандар 3 топқа бөлініп, COVID-19 инфекциясын алдын алу бағытында аянбай қызмет етіп жатыр. Өңірімізде жұмыс қауіптілігіне қарамастан қызмет көрсеткен мамандардың саны қанша? Үстемақы алуға кімдер лайық?

Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Әсембектің материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz» хабарлайды.

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы ақ халатты абзал жандардың еңбегі екі еселеніп жатыр. Себебі, қауіпті індет майданында халық денсаулығын сақтап қалуға тырысып бағуда.  Тәуекелдің бірінші тобына өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін 27 қызметкер енді.  Ал, екінші санаттағы жалпы 337 медицина маманына үстемақы төленді.

Мұхтар Пазылов — Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының экономикалық қаржылық жоспарлау бөлімінің басшысы: 1 топ бойынша 850 мың теңге алуы керек. Бұл бізде наурыз айында анықталуына байланысты 2 күннің есебі бойынша 27 медициналық қызметкерге 2 млн. 424 мың теңге қарастырылған 2-ші топ бойынша барлығы 335 медициналық қызметкерге 425 мың теңге белгіленген. Соның 335 медициналық қызметкерге бүгінгі таңға наурыз айына 69 млн,334 теңге төленді.

Ал, үшінші топқа 1630 қызметкер еніп отыр. Қосымша қаржы алғандардың қатарында реанимация бөлімдерін қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші буын медицина қызметкерлері бар. Сондай-ақ оған провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері және жедел-жәрдем жүргізушілері енген.

Мұхтар Пазылов — Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының экономикалық қаржылық жоспарлау бөлімінің басшысы: Ал, 3-ші топ бойынша барлығы 1611 медициналық қызметкер тартылып, наурыз айында 81 млн. 629 мың теңге қаржы төленді.

Жалпы үш топ негізінде еңбек еткен ақ халаттыларға 153 млн.387 мың теңге қаржы төленген.  Бұл өңір мамандарының қауіпті індетке қарсы тұрып, қайыспай күресуінің өтеуі. Қазіргі таңда дәрігерлер күн-түн демей өз міндеттерін әрі қарай да адал атқарып жатыр.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу