Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 6 АДАМ СУҒА КЕТТІ

ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 6 АДАМ СУҒА КЕТТІ

Жыл басынан бері облысымызда шомылу маусымы басталмай жатып, 6 адам суға кетіп, қайтыс болған. Оның ішінде 4 -еуі жаса балалар, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Әсембектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Суға бату оқиғасы 23 сәуір күні Келес ауданы, Бозай ауыл округінде тіркелген. 15 жастағы бала  Сырдария өзеніне барып шомылу кезінде  суға батып қайтыс болған. Денесін ауыл тұрғындарымен бірге  судан шығарған.   Мамандар суық суда шомылу ағзаның тоңып, дене құрып қалу арқылы қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыратынын айтады.  Сондықтан төтенше жағдай кезінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға  үйлерінде болу керектігін ескертеді.

Канат Карабалаев — облыстық Төтенше жағдайлар департаменті  Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы: Сәуір айының басынан бері елімізде  жас балалардың терезеден құлау бойынша 5 жағдай тіркелген (Қарағанды, Павлодар, Жамбыл облысытары және Нұр-сұлтан қаласында).  Оның негізгі себептері, жас балалар ата-ананың қарауынсыз қалып, терезе алдында отыруы.  Сондықтан, қайғылы оқиғаларды болдырмау және алдын алу мақсатында, облыс тұрғындарын және ата-аналардан мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды қатаң бақылауға алуды сұраймыз.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу