05.05.2020 жылы таңғы сағат 06:00-де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына авариялық — құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы техникалар мен қосалқы күш жіберілді.
Көмекке жіберілген техникаларға тоқталсақ, 21 жеке құрам, 4 дана техника (АСО 20 – 1 дана, АЦ – 2 дана, УАЗ – 1 дана) және 6 дана мотопомпа (МП-100) көлемінде қосалқы күштер мен құралдар бағытталды.
Жалпы 2020 жылдың 2-5 мамыр аралығында Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендердегі авариялық — құтқару жұмыстарын жүргізуге 40 жеке құрам, 8 дана техника, 1 дана квадрокоптер және 4 дана жүзу құралдары (1 моторлы және 3 үрлемді қайық) құрамында 2 эшалон жолданды.
Еске сала кетсек, кеше Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы техника жіберілген болатын. Сондай-ақ оқиға орнында Шымкент қаласының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметінің командалық — штабтық автокөлігі де жұмылдырылған.
Айта кетейік, 2020 жылғы 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр.
© DIDARBEK.kz