Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ КЕЗЕҢІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ КЕЗЕҢІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Арыста шомылу маусымы кезеңінде суда заматардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша брифинг өтті, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Айтмұхаметовтың 2020 жылдың 27 сәуірі күнгі №14/4135 санды хатына сәйкес, Түркістан облысы аумағында жазғы шомылу маусымында су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шара жоспары бекітілген.
Бүгін аталған іс-шара жоспарына сәйкес ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында «Шомылу маусымы кезеңінде суда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары бойынша брифинг өткізілді.
Осыған сәйкес, бүгінгі брифингке Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығы, полковник Исабеков Нұрлан Амангелдіұлы, Арыс ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Бейсенов Ауезхан Бахытұлы мен жергілікті «Арыс толқындары» телеарнасы және «Арыс ақиқаты», «Шалқар шыңдары» газеттерінің журналистерімен қатар әлеуметтік желі белсенді қолданушылары қатысты.
Аталған жиынның толық нұсқасын «Арыс толқындары» телеарнасынан және Арыс қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурстарынан көре аласыздар.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу