Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰОС АРДАГЕРІ: ТӨРЕБАЕВ БАДАН

ҰОС АРДАГЕРІ: ТӨРЕБАЕВ БАДАН

1945-1945 жылдары қан майданға біздің өңірден де жерлестеріміз аттанып, елге оралмағаны қаншама… Бүгінде елге оралғандарының өзі саусақпен санарлықтай қалған.

Ұлы Отан соғысының ардагері Төребаев Бадан – 1926 жылы дүниеге келген.
1944 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылды. 4 ай әскери дайындықтан өткен соң, Беларусь майданында жорық жолы басталып, ауыр шайқаста ерекше ерлігімен көзге түсті. Сондағы жанқиярлығы ескеріліп, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Жорық жолы Берлинге дейін жалғасты. І-ші дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» орденімен, 2 рет «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.
Елге 1950 жылы қараша айында оралып, еңбекке араласты. Кентау қаласындағы «Мырғалымсай» кенішінде ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Отбасында 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген, 19 немересі, 23 шөбере сүйіп, бүгінде бейбіт күнде бақытты ғұмыр кешіп, 94 жасты алқымдап отырған ардагер Кентау қаласына қарасты Майдантал ауылының ақылшы абыз ақсақалына айналған.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу