Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 274 976 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНГЕН

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 274 976 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНГЕН

Шымкенттік 274 976 азаматқа әлеуметтік төлем төленген, деп жазады Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабына сілтеме сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz» ақпараттық агенттігі.

2020 жылғы 6 мамыр, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 883 адамнан өтініш түскен.

Оның ішінде 278 558 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 249 596 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Жалпы әлеуметтік төлем алатын 278 558 азаматтың ішінде 265 776 өтініштер бойынша, ал, 12 782-сіне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 274 976 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.

42500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін бірнеше онлайн платформалар, 42500.enbek.kz, egov.kz, телеграмм бот арқылы әр өңір бойынша өтінім қалдыру қарастырылған. Тек азаматтар жеке мәліметтерін, ЖСН, 20 сандық шоттарын жазуда мұқият қарап, тапсырса, тиісті жәрдемақының өз мезгілінде түсуіне жеңілірек болар еді.

Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу