Төлебеков Қаратай, ҰОС ардагері
ТӨЛЕБЕКОВ Қаратай 1924 жылдың 15 наурызында Алғабас (қазіргі Бәйдібек) ауданы, Жүзімдік ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Талғар ауылшаруашылық техникумын, Алматы жоғары партия мектебін үздік бітірген.
Соғыс және еңбек ардагері. Дербес зейнеткер.
1942-1945 жылдары Калинин, Екінші Балтық майдандарында шайқасқан. Қатардағы жауынгерден взвод командирі, батальон комсоргы, әскери химик болды.
1950 жылы әскерден босап, елге оралған соң партия-совет қызметтерін істеді. 1962-1986 жылдары Шымкент кооператив техникумының директоры, 1998-2004 жылдары «Мирас» университетінің вице-президенті болып қызмет атқарды.
2-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және басқа да медальдермен, төсбелгілермен марапатталған. Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы.
Бүгінгі күні оқ пен оттың ортасында өмір мен ажал арпалысқан соғыстан елге Ұлы Жеңіспен оралған майдангерлермен, сол жеңісті жақындатуға орасан үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің қатары жыл озған сайын сиреп барады. Десек те, қан майданда шейіт болған майдангерлердің рухтарына бас иіп, елге жеңіспен оралған ардақты ардагерлеріміз бен ерлікке пара-пар ерен еңбектің үлгісін көрсеткен тыл еңбеккерлеріне тағзым етеміз.
© DIDARBEK.kz