Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 11 науқас емделіп, ауруханадан шығарылды.
Қауіпті індетті жеңіп шыққандар 1998, 1975, 1978, 1990, 1977, 1990, 1976, 1981, жылы туған қала тұрғындары. Дертінен айыққандардың жетеуі ер азамат болса, төртеуі әйел. Науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды.
Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 6 мамыр күні ауруханадан шығарылды.
Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 72 науқас дертінен айығып шықты.
© DIDARBEK.kz