Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕСКЕКТІ ҚАЙЫҚТАН АЯҚ-КИІМГЕ ДЕЙІН

ЕСКЕКТІ ҚАЙЫҚТАН АЯҚ-КИІМГЕ ДЕЙІН

Көршілес Өзбекстанда су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданының елдімекендерін су басып, 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланғаны белгілі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға тез арада тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап Арыс қаласы тұрғындары бұдан сырт қалмады. Қала әкімдігі мен қала тұрғындары зардап шеккен тұрғындарға қолдан келгенше барынша көмек көрсетуде.
Бүгінде қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Махамбет Төлебеков пен Арыс өңіріне белгілі кәсіпкер Әсетіллә Аппазов кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған Мақтааралға гуманитарлық көмекті, оның ішінде су басқан аймақтарда жұмыстар жүргізу үшін 3 қайық, азық-түлік, ыдыс-аяқ, көрпе-төсек, аяқ-киім, гигиеналық заттарды Атакентте орналасқан облыстық қоймаға алып барды. Арыста техногенді апат болғанда, алғашқылардың бірі болып қол ұшын созған мақтааралдық ағайынға сабыр тілейміз. Бұл қиындықтан аман-есен шығуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз.

©Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу