Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӨЗБЕКСТАННАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК ЖЕТТІ

ӨЗБЕКСТАННАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК ЖЕТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданына техника және мамандарымен Өзбекстан Республикасынан арнайы топ келді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпаратық агенттігі.

Олардың қатарында 40-тан астам арнайы техника мен 200-ге жуық маман келген. Техникалардың арасында өрт сөндіруші көліктер, экскаваторлар, тракторлар, сусорғыш және жүк көліктері, тұрғындарды тасымалдайтын автобустар да бар.


Көрші елден келген жасақ жайылған суды сору, арналарды бұру, бөгет салу жұмыстарын жүргізбек. Сондай-ақ, су астында қалып, зақымданған тұрғын үйлердің құрылыстарына да атсалысады. Көмекші топ алдағы уақытта тағы да жұмыс күші мен құрылыс материалдары келетінін жеткізді.


Айта кетерлігі, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан соң арнайы жұмысшы топпен Өзбекстан Республикасына келіссөз жүргізуге барған болатын. Екі ел арасындағы өзара келісім бойынша көрші тарап аудандағы апат салдарын жоюға көмектесетін болған.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу