Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

МАҚТААРАЛДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Мақтаарал ауданы, Атакент кентіндегі N14 колледжінде бастау алған “Жаһандану әлеміндегі жастардың психологиялық денсаулығы” тақырыбындағы семинар-тренинг Мырзакент кентіндегі “С.Рахымов” атындағы жалпы орта мектебінде жалғасты. Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, жастарға психологиялық көмек көрсету мақсатындағы шараға Мырзакент өңірінің 13 мектебінен 150 оқушы қатысты.


Семинар-тренингті жүргізген облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ «Психологиялық көмек көрсету және дағдарыстың алдын алу» бөлімінің басшысы Тлеубердиева Ғазиза Сабидулақызы оқушылармен еркін пікір алмасты. Қатысушыларды жеті топқа бөліп, олардың өмір, өнер, достық қарым-қатынас пен мейірімділік жайлы ой-пікірлерін тыңдап, “Аппликация”, “Ойланып көрейік”, “Оқуда кездесетін қиындықтарды жеңу” және “Биік шыңға ұмтылу” аутоагентті жаттығуларын жасады.
Сонымен қатар, іс-шара барысында оқушыларға “Батыл жүрек” ойыны ойнатылып, “Баланың ата-ана алдындағы жауапкершілігі” тақырыбында жағдаятты сұрақтар қойды. Әрбір қатысушы топ өздеріне қойылған сұрақтарға байланысты көріністер көрсетіп, ауызекі жауаптарын берісті. Өзара отбасы мүшелерініе рөлдерін бөлісіп, өздеріне берілген образдарды мүмкіндігінше ашуға тырысты.

Жақсы мен жаманның, дұрыс пен бұрыстың, пайдалы мен пайдасыз нәрселердің аражігі ажыратылып, ашық пікіралмасу алаңында оқушылар топтасып жұмыс істеуді, бірлесе жеңіске жетуді үйренді. Кейбір оқушылар тіпті көз жастарына ерік беріп, эмоцияларын ұстай алмады.
Оқушылардың ғана емес оқытушылардың да қызығушылығын тудырып, белсенділігін арттырған семинар-тренингтің жиі ұйымдастырылуын сұраған қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу