Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН – ЖҮК ЖЕҢІЛ!

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН – ЖҮК ЖЕҢІЛ!

Мақтаарал ауданында орын алған апат арыстықтардың ғана қайғысы емес, бүкіл халықтың қайғысы. Қиын сәтте барша халық Мақтарал тұрғындарымен бірге екендіктерін көрсетіп, қолдан келген жәрдемдерін беруде.
Қазіргі уақытта барлық отандастарымыз бірлесіп қасиетті ораза айында мейірімділік танытып, қиын жағдайда қалған жерлестерімізге көмек көрсетуде.
Кез-келген оқиғаға сабырмен қарап, байыппен шешетін қазақ елі осындай қиын-қыстау кезеңде де халқымыз ұйымшылдығы мен ынтымақтастығын көрсетуде.
Алла елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, «Игі һəм сауапты іс жасауға асығыңдар» дегендей қаламыздағы Иран-әзірбайжан этномәдени орталығының өкілдері де уақытша қиындықтарға тап болған мақтаралдықтарға көмек қолын созды. Азық-түлік және күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды Атакент елді мекенінде орналасқан орталық штаб қоймасына жеткізді.

Осылай жұмыла жұмыс істесек, біз жеңбейтін қиындық жоқ екендігі даусыз-деген этнос өкілдерінің игі ісі көпшіліктің көңілінен шығып, мақтаралдықтардың рахметіне бөленіп, алғыс алып қайтты.
Мұндай игілікті істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

©Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу