Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында біраз азаматтар мемлекет меншігіндегі ауылшаруашылық мақсатында пайдалануға берілген жер телімдерін өз бетінше заңсыз иеленіп, құрылыс жұмыстарын бастап кеткен-ді.
Бүгінгі таңда қаланған үйлердің іргетастары сүрілуде. Қазақстан Республикасы Жер кодекісінің 164-1 және 43 баптарына сәйкес, заңсыз құрылыс болып табылады. Аудан әкімдігі тарапынан аталған заң негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде құрылыс жүргізе бастаған ауыл тұрғындардың бастамасымен сүру жұмыстары орындалуда.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңының 319 бабы бойынша, заңсыз тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып 530 200 (бес жүз отыз мың) теңгеге дейін айыппұл салынады.
Сайып келгенде, заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие бар. Осы қасиеттер қоғамның дамуына негіз болады. Өз Отанының заңдарына бағыну – әр адамның азаматтық борышы. Тәуелсіз мемлекетіміздің шаңырағын көкке көтеру үшін Конституцияны құрметтейік ағайын.
© DIDARBEK.kz