Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТКЕНДЕР

ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТКЕНДЕР

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тумасы Көмек Байжанов майдан даласында ерлік көрсетіп, «Отан соғысы» орденінің 1 ші және 11 дәрежесімен наградталған жерлесіміз. Ерекшелеп айтып отырғанымыз, майдан өтінде жүріп «Отан соғысы» орденінің екі бірдей дәрежесін кеудесіне таққан майдангер санаулы. Жеңіспен қоса ерекше ерлігімен көзге түсіп, Отан қорғаған батырларымыз бүгінде ел есінде.

Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды.

Жерлесіміздің соғыс даласындағы ерлігі мен жүріп өткен жолдары туралы дерек өте аз. Тіпті әскери комисарияттың өзінде мәлімет жоқтың қасы. Дегенмен, ол кісінің Ұлы Отан соғысында алған бес бірдей наградасы «Сталинградтық қорғаны үшін», «Жауынгерлік қызметтері үшін», «Батылдық үшін» медалімен І ші ІІ ші дәрежелі ордені көп нәрсені аңғартады. Қан майданға жастай аттанған жігерлі жігіт өр мінезі мен Отанына деген сүйіспеншілігінің арқасында елге дін аман оралған.
Сұрапыл соғыстан елге оралған соң қиындыққа қарамастан туған жерінің беделіне, өсіп-өркендеуіне еңбек етеді. Аудандық аурухананың бас дәрігерінің шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Өзгеге қол ұшын созуға дайын тұратын аптал азаматтың абыройы мен ерлігі әліге дейін ел аузында. Көмек Байжанов 90 жасында өмірден озды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу