Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ АУҚЫМЫ КЕҢ

ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ АУҚЫМЫ КЕҢ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесін ел болып асыға күткеніміз жасырын емес. Енді міне, сол мәлімде жарияланды. Байыппен зер сала, жедел танысып шықтым. Халықтың барлығы да солай жасаған болар. Өйткені, біз Президентіміздің осы мәлімдемесінен жақсы хабар, алдағы күндерде не істеу қажет деген ұсыныстарды күттік және індетке қарсы күресте тағы да өзіміздің тіршілігіміз бен былайша айтқанда өз өмірімізді қалай ұйымдастырамыз деген ой қорытындысын жасауға да ынталы едік.

Бүгінгі өткен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта елімізде қандай істер атқарылатынын рет-ретімен айтты. Тиісінше жауаптыларға әр сала бойынша тапсырмалар жүктелді. Расында төтенше жағдайдың аяқталғанымен, карантиннің жалғасқаны өте орынды болды. Өйткені, індеттің қауіптілігі әлі де бар.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыс атқарды. Ал Президенттің шешімімен қолжетімді несие беру, көктемгі егіс науқанын жүргізу, жұмыс орындарын ашу және сақтау үшін айтарлықтай қаражат бөлінді. Мұның барлығы да ел игілі үшін істеліп жатқан шаруалар. Сарапшылар жаһан экономикасы соңғы жүз жыл ішінде болмаған деңгейге түсетінін болжап отыр. Осындай жағдайға қарамастан, еліміз бірқатар басымдыққа ие болып отырғанын айтқым келеді.

Президент өз мәлімдемесінде бүгінгі күнге дейін Қазақстан бойынша 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек, 570 мыңнан астам адамға азық-түлік берілгенін айтты. Жұмыстары тоқтап, күнкөрістерінің нәпақысын тауып отырғандар үйлерінде отырып қалғандардың әрқайсысына 42500 теңгеден берілуі халықты қуантып та, сенімдерін нығайтып тастағаны белгілі.

Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем көмегі көрсетілетіндігін айтты.

Сонымен бірге, шағын және орта бизнеске де қолдау жақсы екендігін Президентіміздің осы мәлімдемесінде анық айтылды. Мысалы 1,6 миллионнан астам, 11,5 мың бизнес өкілдеріне жалпы сомасы 360 миллиардтан астам теңгені құрап отырған өз несиелерін кейін төлеу мүмкіндігінің жасалуы да экономиканың негізгі бір буынының әлсіремей, нығая түсуіне оң әсер етері де анық.

Еліміздің індет өршіп тұрған өңірлерінде карантин жалғасады. Сондықтан елдегі коронавирус қаупі сейілмей бірқатар шектеулер күшінде қала бермек. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, адам көп шоғырланған орындарда мұқият болайық.

© Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары

Пікір жазу