Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ ӨЗГЕШЕ

ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ ӨЗГЕШЕ

Ардагерлердің мәртебесі мен оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің тетіктерін жақсарту көп жылдардан бері айтылып та, жазылып та жүрген жағдай екені аян. Расында, осы заңның үміт күткен ардагерлер көп еді.

Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының, басқа да соғыстардың құрбандарына және елге аман-есен оралып, еңбекте де ерлік көрсеткен ата-апаларымызға арналған «Ерлік» музейі жұмыс істейді. Осы мекемеде еңбек ететіндіктен барша ардагерлердің, олардың ішінде еңбек ардагерлерінің де жағдайларын, ой-пікірлерін, арман-аңсарларын өте жақсы білеміз. Музейіміздің бүкіл мән-мазмұны «Ата- бабалар аманаты – елдік пен ерлік, бірлік пен ынтымақ» деген бағдарға арналған. Енді «Ардагерлер туралы» Заңның қабылдануына байланысты «Ерлік» музейінің бүкіл тыныс-тіршілігі жаңаша сапаға көтеріле түседі, тың серпінге ие болады деп сенеміз.

Маңызды құжат нақтылағандай Заңның әлеуметтік мәні өзгеше. Онда баршасы күткендей әлеуметтік жағынан қорғалатын ардагерлердің бес санаты бегіленген және қалай қорғалатыны да айқындалған.

Бұл заң барлық ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктердің, көмектердің бәрін жүйелеген. Екінші дүниежүзілік және Ауған соғысымен қатар Тәуелсіздік жылдары (Тәжік-Ауған шекарасы мен Иракта) әскери борышын атқарған ардагерлердің де әлеуметтік жағдайы қамтамасыз етілген.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы және 7 мамыр — Отан қорғаушылар мерекесі алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қол қойған «Ардагерлер туралы» Заң – лайықты қамқорлықтың бір көрінісі.

Ақмарал Құдайбергенова,
«Ерлік» мұражайының меңгерушісі

Пікір жазу