Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «ОТБАСЫ БАНКІ» ИНСТИТУТЫ ҚҰРЫЛАДЫ

«ОТБАСЫ БАНКІ» ИНСТИТУТЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі базасында жыл соңына дейін «Отбасы банкі» атты толыққанды институты құрылады. Бұл туралы аталған банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі базасында жыл соңына дейін даму және қолдаудың «Отбасы банкі» атты толыққанды институты құрылады. Ол тұрғын үйді есепке алу, тіркеу және бөлістіруді бір орталықтан атқаратын болады. Қойылып отырған міндетті орындау үшін қазіргі кезек жүйесін әкімдіктерден «Отбасы банкке» беру жоспарланып отыр. Өз кезегінде «Отбасы банкі» баспанасы жоқ отбасылар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ұсынатын болады», – деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Тұрғын үй қолжетімділігі сатысы белсенді түрде арттырылады. Күнкөріс минимумынан (КМ) төмен табыс табатын отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз үйді жалға алу мүмкіндігі ұсынылады. 2 КМ-ға дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар (көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасылар) «Бақытты Отбасы» бағдарламасына, ал 3,1 КМ-ға дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар «5-10-20» пилот жобасына қатыса алады.

 © DIDARBEK.kz

Пікір жазу