Әлемді алаңдатқан жаңа коронавирус COVID-19 пандемиясын таралуын тежеу, азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында ҚР Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15.03.2020 жылғы №285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілді. Қаламызда жедел түрде коронавирусты алдын-алу бойынша арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастады. Полиция, медицина және әскери күштерді мобилизацияланып, қаланың кіре-беріс жерлеріне блок-посттар құрылған болатын. Қала аумағында инфекцияның алғашқы ошағы анықталысымен карантиннің күшейтілген түрі мен маскалық режим енгізілді. Бұқараның денсаулығын сақтау мақсатында қаламызда маскасыз жүру, 3 адамнан асатын топтармен жүруге тыйым салынды. Алайда тәртіпке бағынбай қоғамдық тәртіп пен карантин режимін бұзған 100-ден астам азамат анықталып, істері сотқа жолданған болатын.
Арыс аудандық сотының судьясы Б. Сауранның қатысуымен өткен арнайы брифингте карантиндік режимді бұзған азаматтардың істері бойынша аудандық соттың атқарған жұмыстарын баяндады. Б.Сауран өз сөзінде Арыс аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша 101 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде жалпы 27 тұрғынға соттың шешімімен әкімшілік айыппұл (702 246 тг) салынып, 57 тұрғынға ескерту беріліп, 15 тұрғын әкімшілік қамауға алынғандығын, соттың шешімімен 2 әкімшілік іс қысқартылғандығын мәлімдеді.
Құрметті арыстықтар!
Президентіміздің Жарлығымен Республика көлемінде төтенше жағдай режимі алынғанымен, карантиндік режим сақталуда екендігін ескертеміз. Сақтық жасау- саналы іс. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін атқарылып жатқан іс-шаралар мен шектеулерге мойынсынып, үйде болуларыңызды сұранамыз.
© Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі