Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТАСҚЫН СУДАН ҚАУІП ЖОҚ

ТАСҚЫН СУДАН ҚАУІП ЖОҚ

Келес ауданында тасқын судан келетін қауіп жоқ. Мамандар жағдайды жіті бақылауға алған, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz

Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан бастау алатын Келес өзені Сарыағаш және Келес аудандары аумағынан өтіп, Сырдария өзеніне құяды. Күні кеше жауған нөсер жаңбырдың нәтижесінде Келес өзенінің арнасына қосымша секундына 50 – 55 текше метр су қосылғаны жөнінде тиісті сала мамандарынан хабар келді.

Судың арнасынан тасу қауіпінің алдын алу мақсатында Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Сексенбаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Х.Кеңесов, аудан әкімі аппаратынан С.Жолдыбаев және аудандық су шаруашылығы мекемесінен Ә.Сапаров Келес өзені бойындағы су бөгеттерінде болып, жағдайды бақылауға алды. Аудан аумағындағы Ошақты, Бесабдал және Оймауыт су бөгеттерінің темір қақпалары ашылып, судың еркін өтуіне жағдай жасалды. Келес аудан аумағындағы су бөгеттерінің өткізу қуаттылығы секундына 150 текше метрге есептелген. Мамандар жағдайды жіті бақылауға алған.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу