Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 146 АЗАМАТ ЖАЗЫЛДЫ

146 АЗАМАТ ЖАЗЫЛДЫ

Коронавирус жұқтырған тағы 16 науқас сауығып,ауруханадан шықты. Дертінен сауыққан азаматтардың жас ерекшеліктері 3 жастан 67 жасқа дейін.

Жазылған азаматтар Түркістан және Арыс қалалары мен Ордабасы, Қазығұрт, Сарыағаш аудандарының тұрғындары. Барлығы да Covid-19 инфекциясын жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған.

Науқастар екі аптадан астам уақыт жұқпалы аурулар бөліміндерінде ем қабылдап, сынама қорытындылары теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үйлеріне шығарылды.Барлығының жағдайы қанағаттанарлық,шағымдары жоқ.

Жалпы, Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясынан 146 адам жазылды.

© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу