Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » САУДА ОРЫНДАРЫНДА ТҮСІНДІРІЛДІ

САУДА ОРЫНДАРЫНДА ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласының аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өсуіне байланысты Абай ауданының әкімі Б.Парманов аудан аумағында орналасқан ірі сауда орындарына барып, санитарлық-тазалық шараларымен танысты.

Бұл ретте «Алаш» және «Жабық» базарларына арнайы ат басын бұрған Бұхарбай Рысқұлұлы сақтық жұмыстарының жүргізілу барысын күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар Б.Парманов аудан аумағындағы барлық сауда орындары мен қоғамдық орындарында дезинфекция жасалуын және санитарлық-тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізу бойынша жауапты орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Сейілмей тұрған қауіптің алдын алу мақсатында арнайы мамандар сауда орталықтарында сатушыларға індеттің қаупі жайлы айтып, «әлі де коронавирус дертіне шалдыққандар саны азаймай отыр. Сол себепті сіздер сақтық шараларын міндетті түрде сақтауларыңыз керек» деп, толық түсіндірме жұмыстарын жасады. Сақтық шараларын мейілінше қатаң ұстау бірінші кезекте әрбір сатушының, сауда орындарына келушілер мен олардың жақындарының  қауіпсіздігіне әсері де ескертілді. Бұл жұмыстар сауда орындарына халық көптеп шоғырланатындықтан жүргізілді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу