Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының Елтай ауылында қазіргі таңда су толығымен тоқталып, авариялық — қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарға Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамында 48 қызметкер, 3 техника мен 1 мотопомпа жұмылдырылған.
Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы су басқан ауылда аула — аумақтардан, көшелерден батпақ лай мен тастарды шығарып, арықтарды жиналған қоқыстардан тазартуда.
Осы ретте өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күндіз — түні ауысыммен жұмыс істеп жатқанын атап өткеніміз жөн. Яғни, Департаменттің күш және құралдары күн сайын 10-12 үйдің ауласын тазартып, 4 жүк автокөлігімен жинақталған лай мен тастарды шығаруда. Нәтижесінде үш күнде 36 үйдің ауласы қалыпқа келтірілді.
Сонымен бірге Елтай ауылында жалпы ұзындығы 30 метр Найзатас, Нұрқазық көшелерін лай мен тастардан тазарып, бұл жұмыстарға жергілікті атқарушы органдары тарапынан 17 адам мен 7 техника жұмылдырылды.
Аталған баспасөз туры барысында ақпараттық сүйемелдеуді облыстық «Отырар», «Айғақ», «НарТВ» телеарналары қамтамасыз етті.
© DIDARBEK.kz