Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » МЕРИТОКРАТИЯ ҚАҒИДАТЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

МЕРИТОКРАТИЯ ҚАҒИДАТЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 55 мемлекеттік орган жұмысын атқаруда. Жалпы тұрғындардың саны 1 млн. 46 мың адамды құраса, жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің саны 676 адам, аумақтық мемлекеттік органдардағы қызметшілердің саны 1256 адамды құрайды. Оның ішінде 10 — саяси, 1922 — әкімшілік.

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны – 965 (50%) адам, оның ішінде басшы лауазымында – 124 (13%) адам.

29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметтегі жастардың саны 471 (24,4%) адам.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 38 жасты құраса, орташа еңбек өтілі 9,8 жылды құрайды.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары, мақсаттары және нысаналы индикаторларына сәйкес мемлекеттік қызметте таза ауысымдылық деңгейі 7,3% аспауы тиіс.

Осыған орай, жоғарыда көрсетілген Стратегиялық жоспарға сай І тоқсандық мәлімет бойынша Шымкент қаласында мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылық деңгейі 0,97% құрап отыр.

286 мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстар жарияланып, 696 – азамат конкурсқа қатысты, оның ішінен 127 азамат мемлекеттік қызметке тағайындалды. Ішкі конкурс бойынша 39 мемлекеттік қызметкер меритократия қағидатымен лауазымы жоғарылады. Ал, жалпы конкурстың бір мемлекеттік әкімшілік орнына орта есеппен 6 азамат қатысты.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу